«2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 643 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«V. Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер» деген бөлімде:
«V.II. Нысаналы даму трансферттері» деген кіші бөлімде:
«Бiлiм беру» деген 4-функционалдық топта:
224 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі» деген әкімші бойынша:
004 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада: